Posted in

АРТЫНАН СӨЗ ЕРДІ

Өсекке қалды. ~ Құйқалы жерді қарс айырып, бірінші рет трактор салды. Өзін құндақтап, тербеткен алтын бесігін енді өзі тербетуге жараған еді. Сүйтіп жүрген адамның артынан сөз еріп, аяғына арыз оралып, нағыз кемеліне келген шағында қапастағы құстай тағдыр тауқыметін тартты. С.Жүн. ~ Қазақта «Жақсының артынан сөз ереді» деген де мақал бар емес пе? Мүмкін, аузы шайпаулар ортасында бұлғаңдаған тотай көре алмайтын болар. Т.Әл. ~ Әр шыңырау біткен сайын алдына мал түссе, артына сөз еретінді шығарды. Құдық біткен күні жанына кеп: — Апырай, мына байда иман жоқ екен, жетпіс құлаш шыңырауға бар болғаны жетпіс тоқты айдатыпты-ау, – деп сыбырлап қалатындар араға айлар салып өзі келеді. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *