Ата-бабасының аруағы жебеді, қасиеті дарыды. ~ Шал да қарап отырмай, Күңіреніп жылады: «Бәрің таппай тұрасын, Беліндегі бес қару, Тал бойына жарасқан. Екіталай жерлерде, Ерлігі асқан Алаштан, Батыр Сайын болмас па? Үстіне аруақ қонбас па? Тамақ жақсы жиылып, Соны тауып қоймас па?» А.Бай. “Ер Сайын” ~ Күнде басып жүретін сақал-мұртының бір қапталы көгала, бір қапталы жез, самайына шапқан ақты да Бескемпір бүгін көргендей. — Аузыңа ала жүннен күйек байлағанда аруақ қонады дедің бе?! Қ.Ысқ. ~ Арғы атасы Сыр бойының аруақ қонған кәрі жырауларының бірі деп есітетін. Ә.Нұрп. ~ Бiз еңсе көтере алмадық, серiппемiз басылып, iштей булықтық; қарсылығымызды қанжардай жұтып, қорлық пен тепкiге үнсiз көндiктiк. Ал, сен құлыным, тәңiрдiң таңдауына iлiктiң. Ерекше нұры түсiп, аруақ қонды… Т.Сәу.
