Абыройын төкті, ұятқа қалдырды, масқара қылды. ~ Несін айтайын, бетке шіркеу белгілі күнә емес пе, Жареке- ау, — деп Аққұл кенет қалшылдап, қамшысын көтеріп, байбаламға басты… — Мына жаман сәурік менің шаңырағымның арын былғады, әулетімді күлкі- мазақ қылды ғой. Б.Мом. ~ “Мына әлгі Абақ деген жігіт бейбастақтық жасап, біреудің қызын алдап әкетіп, соны таңсәріде машинамен далаға шығарып, арын былғап, қол-аяғын байлап, тастап кетіпті. Ә.Ысқ. ~ Алғандарыңыз беріңіздерші, көптің арын былғамай, бір қарын майды бір құмалақ шірітеді деген осы ғой! – деп, ауруханаға кетіп бара жатқан апа жанайқайын жеткізді. Н.Абд.
