Шаруамен ісі жоқ, құр тамақ ішкенді ғана білетін адам туралы. ~ Енді бәрі ертекке, немесе қолы бос, ас ішіп, аяқ
босатар шалдардың еріккенде айтар ермегіне айналды. О.Бөк. ~ Талантты деген, қолынан іс келетін өнер адамы
болмай жатып болдым десе, толмай жатып толдым десе, соның салдарынан артына түк қалдырмаса, жай ас ішіп аяқ
босатардың өзі болса ол тірліктің өлімнен несі артық?! С.Шай. ~ Жалғыз өзіңе қиын болды-ау. Менің түрім болса
мынау, тобанаяқ болып ас ішіп, аяқ босатқан. О.Бөк. ~ Жүректің сыздағанын, лүпілдей соққанын естуді айып
көрсең тірліктің қажеті не?! Ac ішіп аяқ босату үшін бе? О баста бір әумесер ибалық, қартайғанда қол
қусырып сәбилік күйге түсу деп шығарған ба өзге тоңмойындар соған ден қойғаннан қалған әдет қой»,- деп
ойлады: әйтсе де онысын сыртқа шығармады. М.Сүн.
