Ұзақ өмір сүріп, көрер қызықтың бәрін көрді, енді өлсе де арманы жоқ д.м. ~ Сөйтіп, бұл дүниемен қоштасқың келді ме, ағай? – деді Уәлетдин. – етер, бауырларым,- деді ол биязы үнмен. – Асарымды асап, жасарымды жасағанмын. Шама – шарқымды білуім керек. М.Кәр. ~ Мұны алмаған құдайдың тамағы тоқ. Жан алғыш періштелердің тізімдік кітабынан мұның аты түсіп қалған. Етегіне сүрініп отырып қақсайды-ай келіп. Асарын асады, жасарын жасады, құдай тәубесін айтып тыныш отыратын кісі. Ғ.Біл. ~ Жасын сыйлап әрi асарын асады, жасарын жасады – неден тайсалады, бiр айтса, осы кiсi айтар деген оймен, ең жасы үлкен ақ сақалға әу бисмилла деп сөз берiп едi… Т.Сәу.
