Posted in

АСАТПАЙ ЖАТЫП ҚҰЛДЫҚ ДЕМЕ

Бір нәрсенің байыбына бармай жатып, қорытынды шығаруға асықпа д.м. ~ Сенің Мұрдаң – бір қу түлкі. Бұл ақылы үшін мен өзі өлгенше жек көрдім. Асатпай жатып, сен де құлдық демей тұра тұр, – деді. Ж.Айм. ~ Қазір жүрегімде қан қайнай бастады. Көңілім алып-ұшып бір жаққа кететін тәрізді. Тәубе, тәубе… Асатпай жатып құлдық демейінші». В.Шук. ~ Асатпай жатып құлдық деген адамша, даусы аршылмаса да, осынша елпектеп монтансуы қайлай деп ойлаған. Д.Дос. ~ Оқыса әсерін де айтар. Жас қыз, сөз жоқ, асатпай жатып құлдық демейді — қысылады, тәжірибесіз. Ол үшін оңашалық керек. М.Қаб. ~ Ойнап айтам, қызым. Егер қаласаң Ақанға бергіземін, әкең бүгін көнбесе, ертең көнгіземін. Бүгін, енді асатпай жатып құлдық деп, айтар-айтпаста қолқ ете қалмайды ғой, әрине. Оп-оңай келісіп, бағаңды түсірмес. С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *