~ Жалынды жаңа, жат дүниеге кіргендей, тамыр біткені, жүрегі оттай заулап, көтеріңкі, асқақ сезім кернеп, анау көгерген аспанмен ағып келе жатқандай болды. Ж.Айм. ~ Жүрегі жарылардай асқақ сезім құшағында тұрған ол екі көзін залдан алмай, есіл – дерті сахна болып жүзі бал – бұл жанып, төрге ақтарылған көрермендер ішінен Ботабекті іздеді. Н.Сер. ~ Олардың көбісі сенің асқақ сезіміңе, игі іс жолындағы мақсат-мұратыңа түсінбейді. Ә.Әл.
