Тым менменсіп, астамсып кеткен адамның алдынан өзінен зор біреу шықты д.м. ~ Өстіп даңғойлықпен айналамды жаңғазаға толтырып жүрген бір тұста асқанға тосқан жолығып, ойда жоқта Бегайымға кездестім… О.Сәр. ~ Мүмкін сол тәубемнен жанылғанымды өзім де сезбей қалған болармын. «Асқанға тосқан» деген тағы да халық сөзі. Сол тосқан осы болар. Ал, асқанда мен не істедім? С.Бақ.
