Жаздың аптап ыстығының сипаты. ~ Жаздың күні. Аспан айналып жерге түскендей ыстық. Ал Сәлімнің шешесі басына
кимешек киіп, оның сыртынан қарағайдай күндік орап алыпты. Б.Қыд. ~ Аспан айналып жерге түсіп тұрғанмен Бергеннің мол салынған еңселі тас үйінде қоңыр салқын үзілмейтін. Ә.Тар. ~ Аспан айналып жерге түскендей. Шақырайған шарболат күн балқып барады. Бұйрат-бұйрат құмның іші қайнап түр. Құс ұшпайды, тышқан жүгірмейді — аптап! М.Қаб. ~ Дүние әлем жалын боп қайнап, түтін боп қирап, аспан төңкеріліп төбеге түскендей болды… Ш.Айт. ~ Дауыл болса адамды әне-мiне жұта салардай ысқырынады келiп, жер болса дүңк те дүңк. Аспан айналып жерге түскендей. М.Қан.
