Жер кең, Алланың ризығы бәрімізге жетеді д.м. ~ Тіршілік болса, әлі-ақ көрісерміз. Қарауылға қырын қарар қалың керейдің ішіне кеттім. Онда тиянақ таба алмасам, аспан асты кең, бүкіл үш жүздің жері — менің жерім. Хабарды Шәкейден білерсіңдер. Ал, жол болсын, хош, бауырларым!— деп, Ақан, Ұрқия, Шәкей үшеуі Оқжетпесті бетке алып ылдилап жүріп кетті. С.Жүн. ~ Ой, сасық неме? Маған «ортақ өгізден, оңаша бұзау артық». Аспан асты кең, — деп безере түскен еді Олжабек. Ғ.Мұст.
