Posted in

АСПАН ШАЙДАЙ АШЫҚ (АШЫЛДЫ)

Көкте бір тұтам бұлт жоқ, күн ашық. ~ Аспан шайдай ашылды. Қапырық ауаны өткінші жел қуып әкетіп, мына әлемнің тынысы кеңіп қалған секілді. Жауыннан соң дүние қандай тамаша! Ғ.Жұм. ~ Мақұлбек орнынан көтеріліп, хош айтысып, сыртқа шықты. Жауын басылған, ауа шайдай ашық. Ай жез қаңылтыр секілді, аспан іргесіне ілініп қалған. Д.Дос. ~ … бір күн Ләпбаев басқа қызметке ауысып кеп кеткені. Сұрамаңыз! Төбедегі бұлт арылып, аспан шайдай ашылғандай болды. Құдай жарылқады дестік! Ж.Алт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *