1. Ауа-райы бұзылды. ~ Әуелі аспанды бұлт торлады. Үнемі үңірейіп, аптаптан қуаң тартып, міз бақпай сұстанып тұратын аспанды бұлт торлағанының өзі көзге бір түрлі тосаң көрінді. Т.Сәу. ~ Бағанағы шайдай ашық аспанды қара құрым бұлт торлап, әп-сәтте күннің көзі көрінбей қалды. О.Бөк.
2. Басына қауіп-қатер төнді; іс насырға шапты, жағдай күрт қиындап кетті. ~ Күмәнданған көңілге сенім аялдамайды. Аспанды бұлт торлап, күн қабағы ашылмағандай, менің көкірегімді де уайым басып, көңілім жүдей берді. І.Ес. ~ Оның бар тілегі: мынау қоңыр- төбел тірлігінің бұзылмауы, аспанын бұлт торламауы, бейбіт болуы, тапқаны жұтқанына жетуі, ешкімге көз алартпай, ешкімнің көз алартқанын да көрмей екі ұлын екі үй ғып шығарып, жарық дүниенің маңдайға жазған ырыс- несібесін теріп жеу еді. С.См.
