Құдай емес, қарапайым адам д.м. ~ Жітікке саяқ бір қуды, бұзықты ол ұстаса, бұ қаланың ішінде қалған бар бұзықты мен де ұстай білемін! Соның бәрін Ыбырайдың өз соңына қаптатып салып, қанқақсату менің де қолымнан келер! Аяғы аспаннан салбырап түскен жоқ. Көзін ашып қарасын Ыбырай! – деді. М.Әу. ~ Олай қарап, бұлай сынаған адамға тiптi исi қазақ емес сияқты. Сондықтан, оларды Едiл-Жайық бойынан немесе бергi Жем-Сағыздан келген деп айтуға да ретi жоқ. Аспаннан салбырап түспеген. Тек келсе, Хиуа жақтан келген болуы ықтимал. М.Әбд. ~ Академик болмақ түгіл, екі аяғы аспаннан салбырап түссе де астамдығын көтере беретінің не? Ә.Нұрп. ~ Қаны қарайып, күйіп кеткені сонша: “Сендер, өздеріңді өздерің сыйламасаңдар, тым құрыса марқұмның аруағын масқаралап, қорламасаңдар не қылады! Әйтпесе аяғың аспаннан салбырап түссе де аямаймын, өз обалың өзіңе, қуып жіберемін тура! Ш.Айт.
