1. Түк көрмегендей; ештеңе білмегендей, сезбегендей. ~ Бірінші рет бала боп ойнағысы келіп далаға шыққан. Тәмпіш сары аспаннан түскендей аңтарылып тұрып қалды. Т.Сәу. ~ Ал сен болсаң төркініңді жасырып, Түскендей боп көрінесің аспаннан. Қ-М.Әли.
2. Оқыста, кенет, күтпеген жерден. ~ Арада сүт пісірім уақыт өтті ме, өтпеді ме – қырман басына екі жирен жеккен
трашпенке аспаннан түскендей топ ете қалды. Ш.Мұр. ~ Қарсы беттен әлем-жәлем екі иығын жұлып жеп жосылып келе жатқан жау жаманы – Ата бураны көрді. Көптен үні өшкендей болған жау жаманы аспаннан түскендей иекке тақап қалыпты. C.Ел.
