Posted in

АСТАР БОЛМАДЫ (БОЛМАЙ ҚАЛАДЫ; АСТАРЫНА ДА КЕЛМЕДІ)

Тең келмейді, деңгейіне жетпейді, салыстыруға да болмайды. ~ Бұл — орыстың баласы ғой. Орыс түгілі, өз күйеуінің баласын оң жақта тапқан қызды кім естіген? Одан масқара нәрсе бар ма? деп азуын шайнады. Ақбілекті тауып әкелген кездегі жиренгені, қынжылғаны — мынаған астар болмай қалды. Япырай? Бұ қызды енді қайтсе екен? Ж.Айм. ~ Оны көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен. Бұрынғы дауысы астар болмай қалды. Ж.Айм. ~ Дуан аузына қарап Құсбек пен Майыр қаржасып, ңырғын салмаса жарар еді? Онда бар ма, көр де түр, мына сайлау тартысы астар болмай қалады оның қасында», — деп ойын айтады. Ы.Мұс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *