Posted in

АСТЫНАН ИТ ЖҮГІРТІП, ҮСТІНЕН ҚҰС ҰШЫРДЫ

Соңына түсті, қыр соңынан қалмай қудалады; зорлық-зомбылық жасап, қорқытып-үркітті; күн көрсетпеді. ~ Коммунистік Мәскеу халқымыздың «астынан ит жүгіртті, үстінен құс ұшырды». Ел әділетке шөлдеді. БАҚ ~ “Кімде-кім Бақтығұлды көрсе, я ұстап берсін, яки хабар қылсын. Ол ұсталмаса, тыныштық болмайды. Қаладан отряд шығады. Лауымен, сойысымен сол елдің өзінің мазасын кетіреді. Оның үстіне ұрыны, қашқынды сүйедің деп жазаға ұшыратады” деп, үстінен құс, астынан ит жүгіртіп, момын елді неғылса да Бақтығұлға жау қылатын болды. М.Әу. ~ Сөйтіп жердің арғы бетіндегі ит тұмсығы өтпес ормандар мен ит іздесе таппас иен мекенде итарқа қостарын тігіп, ит жүгіртіп, құс салып жүрген бейбіт халықтың итін шығарып, итжемі етті емес пе? Д.Әш. ~ Жантас. Тізе қоса алмадық. Болмаса бұл қанішер ояз, қанішер ұлыққа әлекті салар едік.
Тәнеке. Бірінен бірі айырып әкетті. Ел-елдің болыс-биі астынан ит жүгіртіп, үсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *