Белшесінен батты, әлдененің қоршауында қалды, кенелді. ~ Әлгінде ғана үстінде ән қалқыған беймарал ауыл аяқ астынан у-шудың астында қалды. Б.Тоғ. ~ Тентек Бестайдың галстук тағып, ақ көйлек, қара костюм-шалбар киіп келеді деген кімнің ойына келсін. Жақындағанда, Бестайдың нақ өзі екенін танып, күлкінің астында қалдық. Жиенінің тамаша ету үшін әдейі істеген тірлігі екенін біліп, одан сайын күлдік. З.Нұр. ~ Басқаларға сүрелерді тегін оқи берме, әр біреуіне баға қой. Оның сыртында дұға оқы, дуа жаса, бәлгерлік істеп сәуегейлікті үйрен. Ақшаның астында қаласың,– дедім. Ж.Шәк.
