Әрі-берісін, іші-сыртын түгел зерттеді, сынады; жеті атасынан сыбады. ~ Елтай тоқтағанда жылдамдықты біріншіге ауыстырды, көзімен жолды жеп, сөз тиегін ағытты. — Асты-үстімді жездей қақтаған екенсіз. Мұртына қарай іскегі, дұрыс қой. Бәрі рас. М.Қаб. ~ Көрпеңді көсілсеңші бойға шақтап, Жерге кіріп кетерсің жынды антұрған, Шын қазсам асты-үстіңді жездей қақтап. Делбелігі емес пе Біржан салдың, Кісісін жеңетұғын жаңа таптық. “Біржан-Сара”. ~ Өзенбай тотықұс сәуегей ғана емес еді, адамның ойын оқып, іші-сыртыңды бірдей жездей қақтап көріп қоятын да қасиеті болатын. Т.Сәук.
