Posted in

АСЫ БОЙЫНА СІҢБЕДІ (ЖҰҚПАДЫ)

Желікті, әлдебір ойын орындамайынша, тыным таппады. ~ Үнияның ішкен асы бойына сіңбей, у ішкендей болды. Ол қайғы-қасірет шырмауында жатыр. Төсектен басын алмайды. Ә.Шәр. ~ Егер Құлагердің келгені шын болса, әлгі «бәйгемді шаппай алам» дейтін Батыраштың күні не болды екен?! — Е-е, ол да естіп, ішкен асы бойына сіңбей жүрген шығар. С.Жүн. ~ Аузына арақ тисе, құйрығы құрт түскендей қылмыңдап қоя беретін әдет емес пе? Билемесе ішкен асы бойына сіңбейтін жастар түгіл, алдына кебеждей қарын өңгерген осы күнгі қазақтар да қойқаңдап ортаға түсе кететін боп жүрген жоқ па? Ә.Нұрп. ~ Қатының желіккен жоқ, сен желігіп барасың. Құдайыңды ұмыттың. Үй толы қатын мен бала, сен солардың үстіне қатын аламын деп ішкен асың бойыңа жұқпай жүр. Ә.Шәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *