Posted in

АСЫН ІШІП, АЛАШАСЫН (ТЕКЕМЕТІН, СЫРМАҒЫН) ТІЛДІ

Біреуден жақсылық көре отырып, арамдық қылды; арам ойын ішіне жасырды. ~ «Ойбай, дөкейлердің балалары дес бермейді бізге, асыңды ішіп, алашаңды тіліп кетеді, оларға «олай етпе, бұлай ет» деп жөн сілтеп, билік айта алмайсың. Д.Дос. ~ Қараң батқыр, қараң батсын сенің! Асымды ішіп, текеметімді тілді деген осы! Шыдап жүрсем, мілисаға хабарлағаны несі – ай?! Н.Сер. ~ Үйіме келіп, бағанадан адал асымды ішіп, сырмағымды тілгілеп отыр екенсің ғой. Ә.Шәр. ~ “Соқыр тауыққа бәрі бидай”, тек хат ішінде “Қамар – Ахмет” деген сөз болған соң-ақ, құдай берді, ақты-қарасын ақтару қайда… Шыдасын ба? Біреу айтты: – Қарашы, асын ішіп, текеметін тіліп жүргенін, жүріңдер бәлемді үйінен суырып алып тепкілейік,- деп. Біреуі: – Қой, онда нең бар? Омарға берейік… С.Тор.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *