Кез-келген жауапты істе қасыңда жанашырың болсын. ~ Құдалық сөйлесілді. Бітімін есіттің. Енді ауылыңа барып қайт, –
деді Таңсыққожа. – Сен де туыстарыңның алдынан өтуің керек қой. Ат алсаң ауылыңмен… З.Шүк. ~ Мүмсіннің көңіліне
қарап, айтпай шықтым. Өзімнің де құлқым жоқ. Шал болмайды. Көріктіні көріп ал деген ғой. Құламанның ауылы Кішіқұмда көрінеді. Жылқы іздеген адам болып барамын. Жанқожа Сегізге қолқа салды. – Ел аралаған сыншы болады дейді атамыз. Ат алсаң ауылыңмен. Сізді ертіп барғым келеді. З.Шүк.
