Posted in

АТ БАСЫНДАЙ (АЛТЫН)

1. Өте үлкен, көлемді, қымбат заттың мөлшерін бейнелейді. Дәстүрлі өлшем атауы. ~ Бай жалмауыз кемпірге: – Ат басындай алтын берейін, қоя бер, – дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді. ҚЕ.
2. Үлкен олжа дегенді білдіретін метафоралық образдық теңеу. ~ Өйткені, Қажығұмар Шабданұлы да нақ солардай ат басындай алтын жүректі арыс жазушымыз еді, қазақтың қайсар рухының қапысыз көрінісі еді. БАҚ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *