Бет жүзі сопақша келген, жақ сүйегі шығыңқы; бөкен жақ. ~ Шалқақтау келген кең маңдайы, кеңсірігі қырлана біткен кертпеш мұрны ат жақты, қара торы бетіне арнап соққандай. С.Ом. ~ Сөйлесе отырып мен жаңа танысымыздың жүзіне анықтай зер салдым. Бет-аузын қалын, түк басқан, тотыққан, ат жақтылау, оң жақ шекесінде білінер-білінбес тыртық ізі бар, қою күрең шашы баса киген құлақшынына сыймай шығып тұр… Ә.Әл.
