Қайта көрместей болды, араздасты, мүлде безді. ~ Түсіптің баратыны осымен шешілген соң, Байдалы:
– Тек, жалғыз-ақ, арыла сөйлес. Айтатынның бәрін айтып кел. Бұға-бұға болғамыз. Ат кекілін кессең де, қатты айтып, ел
өкпесін түгел жеткіз! – деп, Түсіпке өзі де ашумен сөйлеп, нық қайрат берді. М.Әу. ~ Уақты жоғалтсаң жоғалт, бірақ уақ
ұғымдарды іздеуден сақтан. Баспада сүрленіп жатқан кітабың ұпайын түгендеп, анау Азелла деген қызға бола келініңіз ат
кекілін кесті десең мен нанбаған болар едім. М.Қаб.
~ Дағдарған жігіт бір ойында бұл хатты осы бойы әкесіне жеткізіп, азар болса онымен «ат кекілін кесіп» шығардай
толқындады. Ж.Ахм. ~ «Ма Буфаң мырза, ат кекілін кесіскеніміз осы шығар. Сенің сайтанша құбылып, сабынша бұзылатын
сұмдықтың иесі екенің шын болса әкімдеріңнен әділдік күту қиын. Ж.Шәк. ~ Жүз жолдас көптік қылмайды., бір
дұшпан аздық қылмайды. Ат кекілін кесісіп өш болғанша
