Posted in

АТ ҚҰЙРЫҒЫН ҮЗДІ (ҮЗІСТІ)

Бір-бірін қайта көрместей болды, кетісті, араздасты, бір-бірінен безді. ~ Бұл кезде Орта жүздің ханы Әбілмәмбет Түркістанды беремін деп алдаған Қалден Цереннен мүлде ат құйрығын үзген. І.Ес. ~ Сырымның тек жар деген аты. Әрине, Ханшайым басқа әйел болса, одан баяғыда ат құйрығын үзер еді. Ал Ханшайым өйте алмады. І.Ес. ~ Сол Керей Жәнібек деген сұлтанмен бірге Дешті Қыпшақты билеп отырған Шәйбан тұқымымен ат құйрығын үзісіп, қол астындағы ұлыстарын Шу бойына апарып, өз алдына қазақ деген ел етпей ме! Ә.Кек. ~ Көрместей боп ат құйрығын кесісіп кеткен кісімен тағы да қайта кездесудің қиындығын ойлады. Ә.Нұрп. ~ Тек, томырылып теріс айналып “ат құйрығын үзіскеннен” басқа не істеп еді? Мына итке талатып қоятындай? Сұржекейге не істеп еді? Ұқса бұйырмасын… С.Ел.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *