Posted in

АТ ТҰЯҒЫ ЖЕТЕР ЖЕР

Атпен жетуге болатын қашықтық. ~ Сол бетімен әлі келеді. Талай елді бағындырды. Ат тұяғы жетер жерде бұның қол астына қарамаған жалғыз-ақ ел бар. Қара құмырсқадай қаптаған немелер көптігіне сене ме, өзгелердей айбына қоймайды. Ә.Кек. ~ Ол – беріде Азиядағы, арыда – ат тұяғы жететін жердегі, жинақтап айтсақ – бүкіл әлемдегі бүгінгі тарихи космостың үлгісін қазақ және қазақ сияқты көшпенді халықтардың арғы бабалары қалыптастырғандығы. Т.Әс. ~ Дөненінде де ат тұяғы жетер жерді былай қойғанда, машинамен алып барған ауыл, аудан, облыс, тіпті Таластың арғы жағасындағы қырғыздарының ат бәйгелерінің алдын бермеген “Айғыркісі” ауыл ақсақалдардың шешімімен үйірге салынды. Н.Дәу.
~ Ат тұяғы жеткен жердің бәрінде қазақ даласын қанға бояған. Жота жон, сай-сала қылыштың жүзінде, найзаның ұшында кеткен адам денелерінің ашық қабырстандығына айналған-ды. Ғ.Біл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *