Posted in

АТ ТҰЯҒЫН ҚЫЗДЫРДЫ

Атты шабысынан тайдырмау үшін, біраз шаптырып, қыздырып алды. ~ Жортуылшылар зауал ауа атқа қонған. Нұртай жершіл құмға соқтырмай, қайда қатқақ жерді қуалап, жолсызбен тіке салып келеді. Арал теңізінің тұсынан намаздігер әлетінде өтті. Тебіренбестің үстінен түнделетіп асты. Ара-түра ат тұяғын қыздырып жарысып алады. З.Шүк. ~ Ысылдаған Қызылқұм. Күн күйіп тұр. Жігіттер мезгіл-мезгіл ат ауыстырады. Жылқаман бір мезетте көз ілдірмей, суыт тартқан. Аяң шоқырақ, ара-арасында ат тұяғын қыздырып, шауып-шауып алады. Екінші күні адам сыр берді. З.Шүк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *