Posted in

АТА БАЛАСЫ

Ел ішінде абыройлы, беделді, жолы үлкен кісінің мұрагері. ~ Ел ішінде аталы ауылдың баласы биылғы жылы партия басы
болып, елінде атқа мінген жігіт. Өзі пәлендей батыр, өнерлі, өрелі жігіт болмаса да, «ата баласы ғой» деп атасының
«аруағын» сыйлап, ел осыны болыс қойған: аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлесіннің кері болған. М.Әу. ~ Исеке,
сіз ел арасының сөзіне кіріспейтін кәсіп адамысыз. Мына Кешу атаңның тентегі жалына қол тигізбей тұр ғой. Анада екі
жақтың сөзін ұстаған Смайыл би басында соншалық, әділдік айтатын ата баласы болып кіріскен еді. C.Бег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *