Posted in

АТА ЖОЛЫН ҚУДЫ (ҰСТАДЫ)

Дәстүр-салтқа адал болды; ата-бабалары салып кеткен жолмен жүрді. ~ Қайнағаңа ылғи айтамын: осы Пүліш келін адам болады, — деймін, аруақ сыйлайды, ата жолын қуады, — деймін, жұрттың қатынындай адыраңдап беттен алып тұрмайды, — деймін… үлкен адам ғой, қайнағанды айтам… Б.Май. ~ Иван Бондаренко ата жолын қуып келе жатқан нағыз момын да, мығым шаруа. Т.Ахт.~ Мен көтермеймін ондай сөзіңізді. Енді айтар болсаңыз, үлкен екен деп сақалыңызға қарамаймын… Ата жолын мықтап ұстағандар бар ғой, соларға-ақ тәлпіштеніп аларсыз… С.Мұр. ~ Ант-мант деп сендер де қайдағы жоқ ата жолын ұстап, антшыл уәдешіл бола қалған екенсіңдер… С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *