Posted in

АТАҒЫ БАР

Даңқы шыққан, белгілі болған, мақтаулы. ~ Маралбай ою- өрнек салып, бұлғарыдан тебінгі тоқым қайып, мүйіздеп торсық тігетін. Оның өрген өмілдірік, жүген – құйысқаны, қырғыз өрім қамшысы Күнес ауданына ғана емес, көршілес Нылқы, Текес, Мұңғұлкүре аудандарында да атағы бар. Т.Рыс. ~ Концерт басқарушы шықты да, бұрыннан аты белгілі атағы бар орта әншінің бірін атады. Сахнаға таныс адам шықты. С.Бақ. ~ Досов қулыққа салды. Өз пайдасына қарай бұрды. Қаладан келген, атағы бар адам алдында Нұрмолданы сөйлетіп, жазып жүрген очеркіне керек материал алып С.Бақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *