Posted in

АТАҒЫ ДАРДАЙ (ТАУДАЙ)

Жәй адам емес, дүйім елге танымал, абырой-атағы әжептәуір. ~ Қаракесектің бір кезде өзіңізбен тізе қосып, сүбелі сөзге араласқан Қали дейтін жүйрігі бар екен. Мағаштан жасы үлкен, өзінің атағы да дардай көрінеді. Соны Семейдің төрт биінің бірі деп атайды екен. М.Әу. ~ Жібі түзу кім бар ішінде, кім бастап келген сендерді?! – деп Нұртаза өңкей сайтанның сапалағындай боп көрінген мына ұсқынсыз сотқарларды місе тұтпай, бұлармен сөйлесу өзінің дардай атағына, болыс атына кір келтіретіндей менсінбей қарады. С.Жүн. ~ Қара қауым арасында атағымыз таудай болса да, ер басына күн туып арашаға түсер кезде, біздей серіңізден гөрі әлгі өзіңіз айтқандай қарны қампиған перілеріңіз артық екен. С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *