Posted in

АТАҒЫ ЖЕР ЖАРДЫ

Даңқы аспандады, алысқа жайылып кетті. ~ Тұңғыш рет шын кіріптар болып, құла түзде екеуден-екеу состиып: мылқау далада мылқау баласымен жеке күн кешер, кешегі атағы жер жарған серінің жалғыз қалар мұңды келешегін ойлап налыған Қайныкеш, қайнағасын уатар сөз таба алмай, жұбайының ноқайлығын жуып-шайғысы келді. С.Жүн. ~ … оның қызыл армияға кірмек болған талабын қабылдағысы келіп лоблыды да, Әнбия сопының баласы, атағы жер жарған Бастаубай бидің жиені, орта жүзден бойы асқан Көкебай болыстың күйеу баласы екендігіне қарап қайта қайқалақтады. Ғ.Біл. ~ Жаңа оқыс отыра кеткенде, шалбарымның арты дар ете түсіп еді, шеттеп жол берген келіншектің алдына түсуге қымсынып, шегіншектей бердім. Атағы жер жарған даңқты жазушының алдын көру қатал сын ғой, жүрегім дүрс-дүрс соғып, тізем қалтырап, табалдырықтан имене аттадым. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *