Қалың елге белгілі; даңқы кең тараған. ~ Жарасбай құр ғана болыс емес. Болыстықпен, әмірмен ғана бедел тапқан кісі емес. Әрі бай еді де, әрі ерте күннен “жақсы кісі” деп ел ортасына атағы шыққан, ер, мықты. Қолынан жақсы-жаман істер бірдей келетін. М.Әу. ~ Атағы шыққан ақсақалдардан ешкім қалған жоқ. З.Шүк. ~ Сұрастырса, «Көксүңгі» атағы елге жайылған, «қаз бен үйректі бидайықтай қырады» деген атағы дүйім елге тараған алғыр лашын осы болып шыққан. С.Мұқ.
