Біреуді сестене балағаттау, қарғау. ~ Әй!.. Атаңның көрі… не дейді мына мұндар, а? -деді қара кісі сасқалақтап. Бұл ғұмырда шүйкедей әйел түгіл осы өңірдің не бір өр көкірек жігіттері де бұлайша бұның қаһарына қарсы келе бермеуші еді. Ә.Нұрп. ~ Жолында тұрған құманды құлатып, шіләпшін мен шелекті даңғыратып теуіп, қараңғы үйге баса көктеп кіріп келе жатты. — Атаңның көрі, кісілері қайда, көрдей ғой. Бөбек шам жақты. Ә.Нұрп. ~ Сонда қайт дейсің маған. Ұрғашы деген күлге аунап бала таппайды, Тойбай. — О, атаңның көрі, Құдай! – Шал жер тоқпақтады. – Ал мені, уа, ал… Мені еркек деп отыр, әлі. Еркек деп… Еркек екем… нәлет, нәлет… Н.Дәу.
