Ашуға булығып, өлердей жек көріп тұр. ~ Қалау қабағын қарс жауып, бірдеңе деп бұрқылдап отыр. Аузындағы астан қаққан анасына Төлеудің де атарға оғы жоқ. Ә.Нұрп. ~ … ауылдың кәрі-жастары қорған тақтайдың ар жағында жұдырықтай ғана болып, тәкаппар отырған Зәкеңді атарға оғы жоқ, әрең шыдар еді. О.Бөк. ~ Мәттақан қара бала Мөңкеге анда-санда оқ жыландай тесіле қарап, тынысы тарылып келеді. Атарға оғы жоқ. Жанарында жеп жіберерлік зәр бар. С.Жүн.
