Ұран тастады, дабыл қақты. ~ Рахмет, жауынгерлер! — деді командир. — Қазіргі сағаттан бастап, бәрің де майдандамыз деп есептеңдер өздеріңді. Бізге ұшыраспай соғыс кете алмайды. Отан бәрімізді майданға шақырып отыр. Отан ұлы қоңырауын қағып, аттан салды. Ғ.Мүс. ~ … кәрілер жағы Малжан аулын қарғап-сілесе, жастар жағы кінәлі адамды тауып алып, жазалау керек деп аяғынан тік тұрып аттан салды. С.Жүн.
