Posted in

АТТАП ӨТУ

Әлдебір жағдайды не біреудің шенін, абыройын, атақ-даңқын, беделін ескермеу, құрметтемеу, есепке алмау. ~ Бірақ Қадырбайдың ренішінен аттап өту, Ділдәнің балаларын ұмыту, оңай істер емес. Осының бәрінің үстіне, Қуандықты ақылы сүйсе де, жүрегі оншалық бой тартпайды. М.Әу. ~ Бай білмейтін ақыл жоқ: ол ішті кісі. Орыстың, қазақтың ұлығы байды аттап өтіп көрген емес. Бай ұлықты күтсе есінен тандырады. Ж.Айм. ~ Ваше благородие, өзіңізбен ақылдаса келдік. Сізді аттап өтуге азаматтық ар-ұжданымыз бармады. С.Жүн. ~ Үстінде лыпасы жоқ тырдай адамға бетінің шым етер ұяты бар кісі жақындар ма? Ұяттан аттап өту оңай ма? Б.Қыд. ~ Қара бастың әлегін күйіттеп елдің елдігінен аттап өту, әуелі Керімбекке — әкеге сын. Ж.Ахм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *