Атпен қуып жүріп соққыға жықты, өлімші қылып ұрды.
~ Майбасар балаға ақырып, ұрысып, тұқым-тұяғынан түк қалдырмай боқтап, аттың бауырынан алып сабап жүр. М.Әу. ~ Ашаршылықтан ауылдағы ел қырылыпты. Егіннің аңызынан масақ терген аналарды аттың бауырына алып сабайды екен. Т.Рыс. ~ Жаңа қатынының: “тағы сабады-ау ананы. Аттың бауырына алып жүргенiн қарашы Майбасардың қаршадай баламды, сорлыны, соры қалың бейбақты” деп, жүгiрiп кеткенiн де Байторы үйде жатып естiген-дi. М.Әу. ~ Қалың тоғайдан шыға келген төрт қасқыр жүз қаралы қозы-лақтың талайын тамақтағанша, бұл оянбаған… Әкімбектің ат бауырына алып сабағаны есінен кетер ме?! Б.Тоғ.
