Posted in

АТЫ ДА (ТҮГІЛ), ИІСІ ДЕ ЖОҚ

Дәнемесі жоқ, жұқанасы да табылмайды. ~ Осы балбал тастың тарихы б.з.д.5 мыңыншы жылдан басталады. Қазақ дегеннің аты да, иісі де жоқ кез. Демек қазақтан бұрын домбыраның болғандығын көрсетеді. С.Сүг. ~ Нағыз шынын айтқан уақытта, қазақ тілінде деп бастырылған кітаптардың көбінде қазақтың иісі де жоқ. Неге десең, дені бытпырақ, бытпырақ болмағандарының ағыны теріс. С.Тор. ~ Кейбір адамдардың бойында мұсылманшылықтың аты түгілі, иісі де жоқ. Көп адам мұсылман болу керек дегенді түсінбей келеді. БАҚ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *