Атағы дүркіреп, елге жайылған. ~ Сендердің қолыңа баратын болыстарыңдағы жуандардың спесігі беріледі. Бұл спесіктегі өзіміз білетін аты шулы партия басшы жуандар. Ж.Айм. ~ Мекеш Махамбетшенің немере ағасы Оразбектен туған алты қасқырдың ішіндегі көкжалы, аты шулы ұры. Екі иығына екі кісі мінгендей, денелі, үлкен от көзді, гүрілдеген зор дауысты, мейлінше айбатты жігіт. Ғ.Мұс. ~ Әкесі – аты шулы бай Жүзбай, би Жүзбай, жалғыз-жарым жоқ-жітікке жалғыз қызын қатындыққа қимақ емес-ті. О.Сәр. ~ Тастан осы өңірдегі байлығы шалқыған аты шулы ірі бай болмағанымен, дәурені жүріп тұрған іргелі байлардың бірі. С.Жүн.
