Posted in

АТЫН АТАП, ТҮСІН ТҮСТЕДІ

Нақты біреуді нұсқады. ~ Біредің қойына қойын қосып аманат еткендей, жандарын мықты біреулердің жанына қосып қойып
отқа да, сотқа да бой бермей қырып-жойып жүрген жігіттердің атын атап, түсін түстейін десем, өзімнің де жаным біреудің
қолында жүр. О. Әуб. ~ Бірақ бұрынғыдай алаяқтардың атын атап, түсін түстеп, ішкені мен жегенін
әшкерелеп, желкесінен тістеп жазған нақты фельетондарды доғардым. К.Әм. ~ Әнші де «Мынау мынадай ән
еді…» деп, атын атап, түсін түстеп жатпай-ақ, бірінен соң бірін аңыратып, ағындатып салып жатыр. Ә.Сал. ~ Қыз бала болған соң,
атын атап, түсін түстемей, жай ғана сынаған болып сипай қамшылап едім, қызару қайда «пішту» дегендей бетіме қарап,
мұрнын шүйірді. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *