Posted in

АТЫН БОРБАЙЛАП ШАПТЫ (БОРБАЙЛАДЫ)

Атын үсті-үстіне қамшылады. ~ Сол-ақ екен, Шұбар сәтте құбылып, жаны күйген кісі боп: “Не дейді? Құдай-ау, не дейді. Жібергеніміз бе? Жүрсеңші, Ысқақ аға!” – деп, атын борбайлап, Абайдың соңынан шаба жөнелді. М.Әу. ~ Саудагер өзбек: «Өлесің, қазақ, өлесің, қазақ»,— деп, атын борбайлап, ыржақтап күліп барады. Т.Берд. ~ Ойбай бауырым!.. Бауырым, Қодар – деп Жексен өкіріп жылап, атын борбайлап, Қодар қыстауына қарай шаба жөнелді. М.Әу. ~ Жөн-жосығын ешкім білмейтін, қарақан басы болмаса әлеуметке жасаған тырнақтай еңбегі жоқ, сайлау десе атын борбайлап шаба жөнелетін қазіргі далбаңбайлар осыдан үлгі алса етті. Р.Нұрғ. ~ Бәкизат қайырылмады; ана Жәдігер де мына Жәдігерге жөнін айтпастан атын борбайлап, кәпелімде қарасы көзден үзіліп ғайып болған әйелдің соңынан шаба жөнелді. Ә.Нұрп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *