Атын тарих бетінен сызып тастады. ~ Уақыт деген шіркін қаламға да еркіндік берген жоқ. Соған қарамастан, өкімет қазақтың тарихынан атын өшіріп тастаған аяулы азаматтардың бейнесін көркем әдебиетте қайта жаңғыртқан қаламгерлердің бірі Ахан болды. Қ.Ыс. ~ Ал сол «кекті империяның» қыздары мен жесірлерінен туған жиендері – «қалмақтан жылқы қайырған, қатын-баласын айырған» қазақтар – көшпенділердің соңғы ұлы империясының тоз-тозаласын шығарып, жер бетінен атын өшіріп тынды. Т.Жұр. ~ Әйтеуір бейтарап қалған ешкім жоқ. Біреулері Раймалы-ағаның қылығын жақтырмай кіржиеді, оның атын өшірмек болады… Ш.Ай.
