Posted in

АТЫН ӨШІРМЕДІ

1. Есімін ел есінде сақтады. ~ Ана жылы мен үшін түрмеде жынданып өлген қыздың аты Самал еді, мұны сүйгендіктен сол байғұстың да атын өшіргім келмеді. Ә.Әб. ~ Жатқанның өзінде сырттан терезеден қарағанда мүйізі көрініп тұрады. Әкім қыста шөптің бар жылы-жұмсағын да осы бөртеге береді. Бұрынғыдай емес, бөртелігі бұзылып, ақшылданып бара жатқан секілді. Дәнекердің атын өшірмей тұрған осы ғана. «Дәнекердің бөртесі», «Дәнекердің серкесі!». К.Қаз.
2. Ұрпағын жалғастырды. ~ Қаламынан туған төрт роман тарихта не қалар, не қалмас, ал өз кіндігінен тараған төрт ұл мұның атын өшірмейтініне сенімі кәміл. Қ.Жұм. ~ Туған шешеден бала ешқайда қашпайды. Мұқатайдың атын өшірме! Сен екеуің тұрғанда Мұқан шалдың аты өшпейді. К.Қаз. ~ Оттама, Әубәкір шалдан не жамандық көрдің? Аштықтан да, қастықтан да аман сақтап, асырады, жеткізді. Енді ел-жұрттан ұят болады. Атын өшірмеймін десең балаларыңның бірін

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *