Posted in

АТЫНА ЗАТЫ САЙ (ЕМЕС, КЕЛМЕЙДІ)

Адамның не басқа бірдеңенің сырт көрінісі, атауы мен ішкі мазмұны сай келетіні (не келмейтіні) туралы. ~ Бұрынғы Ақмешіт-Перовскийді өзгертіп, Қызылорда деп атапсыздар, атына заты сай ма? Б.Тоғ. ~ Дұшпанның аты — дұшпан. Атына заты сай, айдан анық, бесенеден белгілі. Қару асынып, қан аңсап қарсы алдыңда қасқайып тұр. Қам қылмасаң, қарсы қайрат көрсетпесең, сұрың сараң, күнің қараң. И.Сап. ~ «Адамшылық» деген алдамшы ат қойылған антұрған айтпай-ақ қойылсын. Атына заты тіпті келмейді. Шәк. ~ Осындай атына заты сай емес перзент тәрбиелеген Омар да қызметінен босатылып қарапайым мал дәрігерлік кәсібіне қайта оралды. Қ.Түм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *