Тоқтау көрмей, беталды кетті. ~ Бұрынғы бейбастақтық жоқ па? Мелитсе құрық әкетпей пе? – Жоқ. Заңға бағынатын болып келеді. Кейде жалғыз-жарым ауа жайылатындар болады. Қазақ-орысқа бағынып, ұлыққа жағынып жаман үйреніп қалған ел ғой. Ж.Айм. ~ Олардың айтуынша колхозшылар арасында ауа жайылушылық байқалса, соның демеушісі осы есепшілер тобы сияқты. С.Шай. ~ Якупов келгелі облыс көлемінде тәртіп түзеліп, ауа жайылған, жұмысқа немқұрайлы қарайтын керенау, селқостар азая бастады. З.Шаш. ~ Алдында жүрген азын-аулақ малға иелік ете алмай, шетке шыққан торпақ, баспақ ауа жайылып әлденеше рет колхоздың жайқалып өсіп тұрған жүгерілігін жайқап кетті. О.Сәр. ~ Білімсіз аралассам да совет адамшылығы, дегенді жүрегім жақсы сезсе керек, ауа жайылған жерім болған жоқ. Ғ.Мұс.
