Posted in

АУЖАЙ АҢДЫДЫ

Істің не боларын күтті. ~ Өз күйiн күйттесе, бүйтiп басын тауға да, тасқа да ұрып несi бар. Қыларын қылып алып, дәретiн
көмген мысықтай жымсиып отырған ана жаңа көсем бұл емеурiн танытса, қазiр-ақ ләббәй деп үйiрiне қосып алуға дайын.
Сөзiне ел ұйыйтын дуалы ауыз мықтылардан жақтас iздеуде. Тамырын ары басып-берi басып, икемiне көндiре алмаған соң
ендi дөңайбатқа көшiп, жаптым жала, жақтым күйемен соңына сiлiмтiктерiн салып қойды. Бiрақ халқы еңiреп жатқанда,
аужай аңдып, Олжас басымен қалай қарап отырмақ! Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *