Posted in

АУЖАЛ ҚЫЛДЫ (ЕТТІ)

Қорек етті. ~ Асырап сақтайтын бай жоқ, сүйенер кісің жоқ, бұл жерде отырып күн көре алмайсың ғой, деп төркіні қатынды
азғырып жүретін. Төркіні қызын екі- үш қараға сатып аужал қылмақ болатын. Ж.Айм. ~ Мейірбан ана батар күннің соңғы
сәулесі мол төгіліп тұрған төрт бөлме ішіндегі дөңгелек үстелге дастарқан жайып, Меңтай екеуміздің алдымызға ас қойды. —
Осыны аужал қыла тұрыңдар, қарақтарым. Мен қазір тез сиыр сауып, ыстық ас жасап беремін. Ә.Нұрш. ~ Байдың үйінің өзі
болса да, «қысқа әлсіз болар-ау» деген кәрі-құртанды сояды немесе көбең тойыны бар, еті ояз малды сирек сойып, әр
нәрсені аужал етеді. М.Әу. ~ Алғаш қасында жүрген шалдың кемпірі берген екі жарма құртты аужал еткен еді, ол да түгеді.
Б.Жұм. ~ Ал, Тоғұрылдың қайтқан жолы тым ауыр болған көрінеді, бұл жөнінде жоғарыда көрсетіп өткен мұсылман, қытай
және моңғол деректері «жолда азығы таусылып ешкінің сүтін, түйенің

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *