Posted in

АУЗЫ АШЫЛДЫ

Аң-таң болды. ~ «Болдың ба, шеріңді тарқаттың ба, қысылшаңда күтіп жүр ме едің?!» дегендей Ақанға салқын ғана көз қиығын тастап, Наурызбай мешітке қарай аяңдағанда, өңкей қара шапан киген жуан, құныс қожа-моллалар қара құзғындарша тоңқаңдап соңынан ерді. Орындарында тапжылмай, сері сөзіне аузы ашылып тұрып қалған көлденең жұрт қана. С.Жүн. ~ Мұны естігенде қаршадай бала — Бекеңнің ұйқысы шайдай ашылатын, батырлық туралы аңызды аузы ашылып тыңдаушы еді. Енді, міне, алпыстан асқанда сол шақ көрген түстей алыстан елес берді… С.Мұр. ~ Қызыл велюр көйлегін, қызыл атлас астарлы ақсұр пальтосын, ақсұр шляпасын, ақ сафиян жұқа жеңіл етігін киіп есік алдына шыққан Майсараны көргенде Балтаның аузы ашылып қалды. С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *