Posted in

АУЗЫ ДУАЛЫ

1. Айтқаны мәнді, мағыналы; жұрт құлақ асатын, сөзімен санасады. ~ Газеттің кешегі санында топтамалары жалғанып
жартысын алып, тасқа басылған. Аузы дуалы ақынның жылы-жылы алғысөзі және бар. М.Қаб. ~ Қой, ә, деп әлгі аузы
дуалы сыншының мақтаған дилы ақынның, соның кітабын ашып жіберіп оқиды, ауысып өз өлеңіне түседі… Д.Дос. ~
Айтолқыннан көңілі қалмаған ағайын-туған, абысын-ажын осындай өрескелдігі үшін Көрденді Кердең атандырып алды.
Қашанда ат қоюға келгенде әйелдердің аузы дуалы, талай әжептеуір аты бар қазаққа жоқтан өзге есімді желімдей ғып
жапсыра салмай ма! Б.Қыд.
2. Сөзі өтімді; айтқаны келетін сәуегей адам туралы. ~ Әй, сен өзің!.. Сен өзің шынында да жауыз екенсің той! — Жауыз болмасақ та ептеп аузы дуалы тұқымның ұрпағы едім. Қ.Ысқ. ~ Бір байқағаны – мұнымен сөйлескен кезде Президент жарқ-жұрқ етіп жоталанып, ерекше сипат танытып нұсқаланып отырды. Аузының дуасы б

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *